«Туған өлкенің мұрасы» жобасы аясында орталық қалалық кітапханада кино, театр, әншілік, ұстаздық өнерге алғаш жол салғандардың бірі Кәукен Кенжетаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өнер кеші болып өтті.
Биыл адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі - Чернобыль атом электр станциясының жарылғанына 40 жыл толып отыр. №3 кітапхана - коммуникациялар орталығында кездесу кеші болып өтті.
Ұлттық кітап күні қарсаңында Байет ауылдық кітапханасының қызметкері ауыл мектебінің 7-сынып оқушылары арасында әдеби мұраны сақтау мен насихаттау мақсатында сауалнама жүргізді.
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Халықаралық балалар кітабы күні мен Балалар кітабы апталығының жабылуына орай көрнекті ақын, балалар жазушысы Қастек Баянбайдың туғанына 90 жыл толуына арналған квиз-book шарасын өткізді.
С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінде №4 кітапхана қызметкерлері қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейсованың туғанына 165 жыл толуына орай арт-сағат өткізді.