Орталық қалалық кітапханада Ұлы Жеңіс күніне орай «Этот праздник со слезами на глазах» атты әскери әндер кеші өтті.
Кеш барысында майдан даласының рухын сездірген жүрек тебірентер әндер шырқалды. Әрбір орындалған туынды батырлардың ерлігі мен қайсарлығын, ел үшін төгілген тер мен көз жасын еске салып, тыңдарманның жүрегіне терең әсер қалдырды.