Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы» атты кеш өткізді.
Кітапханашы мерекенің шығу тарихына тоқталып, Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздегі барлық этностардың достығы мен ынтымағын дәріптейтін маңызды мереке екені атап өтілді. Сондай-ақ балалар назарына ұсынылған кітаптарға шолу жасады.