Биыл адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі -Чернобыль атом электр станциясының жарылғанына 40 жыл толып отыр. Осыған орай №3 кітапхана-коммуникациялар орталығында «Чернобыль ядролық апаты» атты кездесу кеші болып өтті.
Шараға Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан ардагерлер Қайыржан Жақыпов, Дүйсеке Қасенов, Геннадий Мельник арнайы шақырылды.
Шара барысында Чернобыль апатының тарихы, оның адамзатқа тигізген ауыр зардаптары, сұрапыл оқиғаның әлемге әсері туралы кең мағлұмат беріліп, деректі фильм көрсетілді. Одан әрі арнайы шақырылған Чернобыль ардагерлері Қайыржан Жақыпов, Дүйсеке Қасенов, Геннадий Мельник сөз алып, бастарынан өткерген қиын сәттері жайлы әңгімелерімен бөлісті. Оқушылар да белсенділік танытып, көкейіндегі сұрақтарын қойып, ардагерлермен пікір алмасты.
Сонымен қатар, күн тақырыбына сай кітаптар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалаларға қысқаша шолу жасалды.