С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінде №4 кітапхана қызметкерлері қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейсованың туғанына 165 жыл толуына орай «Ұлы дала күйшісі - Дина Нұрпейсова» тақырыбында арт-сағат өткізді.
Шара барысында қазақтың көрнекті күйші-композиторы Дина Нұрпейсованың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасалып, бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар Дина күйшінің ең көрнекті туындыларының бірі «Әсем қоңыр» күйінің шығу тарихы кеңінен әңгімеленді. Сондай-ақ оқушылар Дина Нұрпейсованың «Науысқы» және Құрманғазының «Адай» күйлерін орындап, шара қонақтарына ерекше әсер сыйлады.