«Туған өлкенің мұрасы» өлкетану жобасы аясында орталық кітапханада «28 петель» клубы қолөнершілерінің қатысуымен «Клубок творчества» атты шеберлік сағаты болып өтті.
Іс-шара барысында клуб мүшелері өздерінің игі істерге толы қызметі, алға қойған мақсаттары мен міндеттері жайында кеңінен әңгімелеп берді. Клубтың ең басты миссиясы – шала туған сәбилерге киімдер тоқу (бас киімдер, жұмсақ жамылғылар, ойыншықтар және т.б.). Жүрек жылуымен тоқылған бұл киімдер ай сайын еліміздің әр өңіріндегі перзентханаларға жөнелтіліп, кішкентай сәбилерге жылу сыйлап, ата-аналардың жүрегіне сенім ұялатады.
Осындай игі істер арқылы клуб мүшелері адамгершілік пен ізгіліктің жарқын үлгісін көрсетуде.