23 сәуір күні орталық қалалық кітапханада Ұлттық кітап күні айрықша аталып өтті.
Атаулы күнге орай орталық қалалық кітапханада кітапсүйер қауымға арналған «Ұлттық кітап күні: білімге бастар жол» атты ашық есік шарасы болып өтті.
Айтулы мереке күні орталық қалалық кітапханада «Ұлттық кітап күні: білімге бастар жол» атты ашық есік шарасы болып өтті. Шараға кітапқа деген құрметті биік ұстап, жүрегін кітаппен жалғаған жандар, зиялы қауым, сондай-ақ руханият жанашырлары қатысты. Оқырмандарымызға және жылдар бойы кітапханамен тығыз байланыста болған мекемелерге шынайы алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.
Шара ізгі тілектерге толы болып, әсем әндермен әрленіп, жиылған жұртқа мерекелік көңіл күй сыйлады.