Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бірлігі жарасқан елміз» атты кездесу кеші өтті.
Жиналған қауымға бұл мерекенің шығу тарихы мен мән-маңызы кеңінен баяндалды. Сахна төрі әсем әнге бөленіп, мың бұралған бишілер өнерімен көрермен көзайымына айналды. Ел бірлігі, ынтымақ пен татулықты арқау еткен жырдан шашу шашылды. Әр қатысушының өнері бірліктің, достықтың және бейбіт өмірдің жарқын көрінісіндей әсер қалдырды. Кеш соңында жиылған қауым ел ішіндегі татулық пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте сезініп тарқасты.