Мақсаты: Оқырмандарды Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығымен таныстыру. Ақынның шығармаларын насихаттау. Жасұрпақты Ақұштапша Отанын, туған жерін, табиғатты сүюге, ата – ананы құрметтеуге шақыру.
Көрнекілігі: «Ақжайықтың ақшағаласы» атты кітап көрмені ұйымдастыру. Слайд тізбектемелерін жасау, видео материалдарды көрсету. Фото суреттерін және цитаталарды көрмеге қою.
Цитаталары:
1. «Қазақтың Абайы бір төбе, Махамбеті өзінше бөлек, ал енді қалған ақындар сол екеуінің тасасында қалды деуге болмайды ғой. Қазақта қанша ақын бар? Қасым, Мұқағали, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай, Қалижан Бекхожин мен Хамит Ерғалиев, Жұбан Молдағалиев пен Жұбағаңның замандас ақындары, кешегі Абдолла Жұмағалиевтердің әрқайсысының өз орны бар»
2.«Менің тақырыбым – Жайық. Жайық – қасіретті өзен. «Еділ мен Жайық екі өзен» дейтін қазақтың сыңары Еділінен айырылған Жайығы. Жағасын түрлі тарих көміп қалған тарихи өзен. Мен Жайыққа мұң айту арқылы тым болмаса қазақ тарихының сол қасіретінің бір шетін жырлап жүрдім деп ойлаймын»
3. «Мен Жайықты жасымнан, туғанымнан сүйдім. Себебі, Отаны жоқ адамның қасиеті жоқ. Сондықтан,
Ай күні бар Жайықтың,
Ақ таңы бар арайлы.
Айдыны бар Жайықтың,
Әлдилеген талайды, - деп жырға қосып келемін»
4. «Менің арманым біздің ақындық, аналық толғанысымыз бен арманымызды егемен елдің ертеңіне пайдаға асыратын, өлең түсінетін, сөз түсінетін саналы ұрпақ өссе, солардың керегіне жараса, сол бар арманым»
Ақын туралы цитаталар:
1.«Ақұштаптың өзге ақын қыздардан ерекшеленіп тұратын тұсы мынада, Ақұштап өзін әрі ана, әрі ақын сезінеді. Өйткені, осынау екі қасиетті құдырет Бақтыгерееваның басында біртұтас дүниеге айналған. Оның маңдайындағы екі көздің бірі – ананың көзі болса, бірі – ақынның көзі! Тірліктің сан қиыншылығын ақын жүрегімен көтерген ол кей тұста мұңданады, кей тұста шағынады, кей тұста шағымданады.
Қадыр Мырза Әлі
Страница
1 - 1 из 9
Начало | Пред. |
12345
|
След. |
Конец
| Все