Мұстафа Шоқай жолымен
Ежемесячные списки поступлений
Элемент не найден
Новинки каталога книг
«Мұстафа Шоқай жолымен» тарихи-деректі, танымдық сапарнама кітабының бірінші бөліміне ұлы қайраткердің туып-өскен жерін, мемлекетік қызмет атқарған және жоғары білім алған қалаларын (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Наршоқы, Ташкент, Фергана, Қоқан, Самарқан және Петербор) аралағанда жинақталған түрлі құжаттар, фото деректер, ағайын- туыстарының және өзін немесе қызметтес болған әріптестерін көрген не естіген адамдардың естеліктері енген. Кітаптың екінші бөлімінде Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Франция және Гер¬мания сапарларының әсерлері айшықты тілмен баяндалады. Аталмыш мемлекеттердегі Мұстафа Шоқай болған, өмір сүрген, қызмет атқарған орындардан жинақталған дерек¬тер әңгіме арқауына айналған. Олардың сөздері қаз қалпында беріле салмай, белгілі бір оқиғаларға негізделіп, жүйеленіп, автордың ерекше талғамымен сұрыпталып берілген. Ав¬тор осы экспедицияға жетекшілік жасай жүріп өзінің көрген-білгендерін, көніліне түйгендерін куәлердің сөзімен және құжаттармен толықтырып, оқырманға өте нанымды баяндайды. Петербордан табылған бұрын соңды баспа бетін көрмеген Мұстафа Шоқайдың метрикесі мен төлқұжаты және басқа да құжаттары осы кітапта беріліп отыр. Әсіресе, Мұстафа Шоқайдың жары Мария Шоқайдың туған баласындай болып сегіз жыл бірге өмір сүрген және Түркістан легионының жетекшісі болған Уәли Каюмханның көзін көрген, немістердің концлагерлерінде ауыр азаптарды басынан өткізген, бұл күнде Түркияда тұратын 92 жастағы Әлім Алмат ақсақалдың автормен сұхбаты кім-кімді де бей-жәй қалдырмасы анық. Танымдық бұл тарихи зерттеу кітабы нақты деректерге құрылғанымен барынша жеңіл оқылады. Қаламгер шеберлігі деген осы болса керек.
Кітап шоқайтанушы ғалымдарға, студент жастарға және жалпы жұртшылыққа арналған.
Назад в раздел
Новинки каталога журналов
Элемент не найден
Новинки каталога газет
Элемент не найден
Новинки каталога мультимедийных изданий
Элемент не найден