Ұлттық кітап күні қарсаңында Байет ауылдық кітапханасының қызметкері ауыл мектебінің 7-сынып оқушылары арасында әдеби мұраны сақтау мен насихаттау мақсатында сауалнама жүргізді.
Сауалнама барысында оқушылар отандық қаламгерлердің кеңінен танылған, оқырман жүрегінен орын алған туындылары жөнінде өз пікірлерін білдіріп, кітапқа деген қызығушылықтары мен рухани талғамдарын таныта білді.