Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің туғанына 80 жыл толуына орай дөңгелек үстел болып өтті.
Ұлттық кітап күні қарсаңында Байет ауылдық кітапханасының қызметкері ауыл мектебінің 7-сынып оқушылары арасында әдеби мұраны сақтау мен насихаттау мақсатында сауалнама жүргізді.
«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Қайнар+» балалар шығармашылық орталығында әдеби кеш өткізді.
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Халықаралық балалар кітабы күні мен Балалар кітабы апталығының жабылуына орай көрнекті ақын, балалар жазушысы Қастек Баянбайдың туғанына 90 жыл толуына арналған квиз-book шарасын өткізді.
С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінде №4 кітапхана қызметкерлері қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейсованың туғанына 165 жыл толуына орай арт-сағат өткізді.