«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қалалық мешітінің жанындағы «Имани жас» жазғы лагерінің балаларына арнап Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Бала өмірінің хикаялары» атты ертегілер жинағы бойынша дауыстап оқу ұйымдастырды.
Қазақстан алаңында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Мереке аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Book Promotion акциясын ұйымдастырды.
Балаларды қорғау күніне орай Бозшакөл ауылдық кітапханасының қызметкері ауыл мектебімен бірлесіп мектеп жанындағы лагерьде мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Орталық қалалық кітапхана төрінде Ерейментаудың киелі топырағынан шыққан ақын, жазушы, өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Баянауыл, Ерейментау аудандарының құрметті азаматы, «Ақбеттау» журналының редакторы Сайлау Әшенұлы Байбосынның «Есімдері жүрсін деп ел есінде» атты тарихи-танымдық кітабының таныстырылымы болып өтті.
Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері №26 гимназия-мектебінде Алаш қайраткері, ғалым, жазушы Қошке Кемеңгеровтің 130 жылдығына орай тарихи кеш өткізді.
«Туған өлкенің мұрасы» жобасы аясында орталық қалалық кітапханада кино, театр, әншілік, ұстаздық өнерге алғаш жол салғандардың бірі Кәукен Кенжетаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өнер кеші болып өтті.