Орталық кітапхана қызметкерлері әр демалыс сайын «Кеншілер» саябағына шығып, кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Осы жолы қала тұрғындары назарына «Қазақ әдебиетінің алтын беттері» кеңейтілген кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің классикалық және заманауи шығармалары, тарихи романдар, поэзия жинақтары мен рухани құндылығы жоғары туындылар қойылды. Жұртшылық халқымыздың бай әдеби мұрасымен сусындап, өздеріне ұнаған кітаптар туралы мағлұмат алып, кітапхана қорындағы ұлттық әдебиеттің жауһар туындыларымен танысты.