Ұлттық кітап күніне орай Төрт-Құдық ауылдық кітапханасының қызметкері түрлі жанрдағы әдеби шығармалар мен танымдық кітаптарға толы «Кітап - алтын қазынам» атты кітап көрме жасақтады.
Аталмыш көрмеге қазақ көркем әдебиеті, тарихи еңбектер, балаларға арналған көркем безендірілген шығармалар мен танымдық басылымдар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.