Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталықтың соңғы күні «Кітап – достық амбассадоры» атауымен өтеді. Орталық кітапхана алаңы бүгін ерекше рухани мерекеге бөленді. Кітапхана алаңында түрлі жанрдағы кітаптар мен көркем әдебиеттер топтастырылған «Жасасын, кітап, жасасын!» кеңейтілген кітап көрмесі, сонымен қатар кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оның қоғамдағы маңызын тереңірек сезіндіру мақсатында «Өзің оқысаң, басқаға бер!» атты буккроссинг ұйымдастырылды.
Бұл шаралар күні бойы жалғасын табады. Кітапсүйер қауымды рухани қазынамен қауышуға, көрмені тамашалап, өзара кітап алмасуға шақырамыз.