Бүгін Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні. Бұл қазақ халқының мәңгілік махаббатты ардақтайтын ерекше мерекесі. Осы атаулы күнге орай орталық қалалық кітапханада махаббат тақырыбына арналған кітап көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрме адам жүрегіндегі ең асыл сезім – махаббатты арқау еткен шығармаларды бір арнаға тоғыстырды. Халқымыздың мәңгілік махаббат символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу жайлы әдеби мұраларды, тарихи деректерді және көркем шығармаларды, қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржаны саналатын жырлары, әлем және қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары жұртшылыққа ұсынылып, әр кітап өз ішінде нәзік сезімнің, адалдық пен сағыныштың сырлы әлемін ашты.