№3 кітапхана – коммуникациялар орталығының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» атты кітап көрме ұйымдастырды.
Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік құндылықтарын қалыптастыру, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіру.
Шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы жан-жақты мәлімет беріліп, оның қоғамға тиетін зияны айтылып, одан қалай сақтану керектігі түсіндірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты. Кітап көрмеге адалдық, құқықтық мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарын қамтитын түрлі әдебиеттер, танымдық басылымдар мен ақпараттық материалдар қойылды. Әсіресе Д. Тапиқұлының «Өмір философиясы», Т. Әбдікұлының «Парасат майданы», С. Әшімбаевтың «Азаматтыққа адалдық» атты кітаптарына ерекше назар аударылды.