Байет ауылдық кітапханасында Ғылым қызметкерлері күніне орай ғылым жолында еңбек еткен ғалымның еңбектерін кеңінен насихаттау, оның мұрасын келер ұрпаққа жеткізу және жастарды білім мен ізденіске баулу мақсатында «Ғалымның ғылыми мұрасы» атты кітап көрме ресімделіп, кітапханаға келушілерге рухани азық сыйлады.
Көрмеге түрлі ғылым салаларын қамтитын кітаптар, Қаныш Сәтбаевтың ғылыми зерттеулері және ол туралы қалам тербеген авторлардың кітаптары, энциклопедиялар және т.б. қойылды. Кітапхана қызметкері келушілерге көрме бойынша шолу жасап, әрбір кітапқа қысқаша сипаттама беріп, оның маңыздылығы мен құндылығын түсіндірді.