№4 қалалық кітапхана қызметкерлері ИнеУ Екібастұз Жоғары колледжінде 4-курс студенттерінің қатысуымен кино, театр, әншілік, ұстаздық өнерге алғаш жол салғандардың бірі Кәукен Кенжетаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өнер сағатын өткізді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында қазақтың аса дарынды қаламгері Тәкен Әлімқұловқа арналған танымдық сағаты өтті.
Республика күніне орай №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты нығайту мақсатында тарих сағаты болып өтті.
Республика күніне орай Төртүй ауылдық кітапханасында егемен еліміздің жеткен жетістіктерін насихаттау, отансүйгіштік сезімді ояту және ұлттық рух пен елдік бірлікті дәріптеу мақсатында тақырыптық сағат болып өтті.