Төртүй ауылдық кітапханасында ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Қасіретке толы жылдар» атты ақпарат сағат болып өтті.
Іс-шара барысында Семей ядролық сынақ полигонының тарихы туралы кеңінен мәлімет беріліп, тақырыпқа арналған бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар полигонның жабылу тарихымен танысып, ядролық сынақтардың халық денсаулығына, табиғатқа, қоршаған ортаға және өскелең ұрпаққа тигізген зардаптары жайында білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту және әлемде бейбітшілікті сақтау жолындағы маңызды қадамдары туралы сөз қозғалды.
Іс-шара соңында қатысушылар ядролық полигон тақырыбына арналған кітап көрмені тамашалап, ұсынылған әдебиеттермен танысты.