«Cамғау» балалар дамыту орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері марапатталды.
Кітапханашылар күні қарсаңында «AMАNАТ» партиясының Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мәлікова Мәриям Дәулетбекқызы кітапханаға арнайы келіп, кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.