№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» атты трилогия кітабының талқылауы болып өтті.
«Шарайна» клубы аясында орталық қалалық кітапханада мемлекеттік қызмет және көмір өнеркәсібінің ардагері Құрманғали Дауылбаевтың «Өмір мектебі» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.
«Қазақстандық Кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығын әзірлеп, жарыққа шығарды.
№4 қалалық кітапхана қызметкерлері алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай әдеби портрет өткізді.
Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай «Атамұра» ұлттық мәдениет орталығында «Шынның жүзі - Шераға» атты көшпелі кітап көрме ұйымдастырды.
«Шарайна» клубы аясында 21 сәуір күні орталық қалалық кітапхана қабырғасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, прозаик Сая Молдайыптың «Биіктік» кітабының тұсаукесері болып өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Шарайна» клубы аясында орталық қалалық кітапхана қабырғасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің редакторы, тіл жанашыры Жанаргүл Әбдікәрімқызы Қадырованың «Ер әкеме ескерткіш» атты жаңа кітабының таныстырылымы болып өтті.
Балалар жылы аясында орталық қалалық кітапхана қабырғасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист, қоғам белсендісі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Бижанұлы Қоғабаевтың балаларға арналған «Ғаламтордың әлегі» атты кітабының тұсаукесері өтті.