«Шарайна» клубы аясында 21 сәуір күні орталық қалалық кітапхана қабырғасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, прозаик Сая Молдайыптың «Биіктік» кітабының тұсаукесері болып өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Шарайна» клубы аясында орталық қалалық кітапхана қабырғасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің редакторы, тіл жанашыры Жанаргүл Әбдікәрімқызы Қадырованың «Ер әкеме ескерткіш» атты жаңа кітабының таныстырылымы болып өтті.
Балалар жылы аясында орталық қалалық кітапхана қабырғасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист, қоғам белсендісі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Бижанұлы Қоғабаевтың балаларға арналған «Ғаламтордың әлегі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Қолыңызға алған кітапты Сіз қалай және не себепті оқисыз?
Осы сұрақтардың төңірегінде сізден бірнеше сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз. Жауаптың тек бір нұсқасын таңдау керек.
Жауаптарыңызды libr_ekb@mail.ru электрондық поштасына жібере аласыздар
Біздің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің http://lib-ekb.kz/ сайтының басты бетінде орналасқан «Төртүй мен Төртүйліктер» веб-ресурсындағы «Кітап бетіндегі ауыл» бөліміне Төртүй ауылының 90 жылдығына орай жарық көрген «Тоқсанның төріндегі ауылым» кітабының сандық нұсқасы енгізілді.
2 қараша күні «Шарайна» әдеби клубы аясында Екібастұз орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері аты алты алашқа әйгілі жерлесіміз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Абай Шарапиевтің - бабасы Мәшһүр Жүсіп мұражайының ашылу тарихының тамырын тереңнен тартып, ащы шындықты шыңғыртып жазған «Ақиқат» атты кітабының онлайн тұсаукесерін өткізді.
09.10.2020 09:15 «Күз мереке – күз береке»
Байет ауылдық кітапханасы ақын жазушылардың күз мезгіліне арнап жазған шығармаларынан əдеби вернисажын ұсынды
28.08.2020 05:00 Жаңа веб - ресурс!
Екібастұз қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Автоматтандыру және цифрлау бөлімі Екібастұз ауылдық кітапханасымен (кітапханашы Ә. Шахтаева ) бірлесіп жаңа веб-ресурсты іске қосты