С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Цифрлық кітапхана» атты екі күндік семинар-тренингтің басты мақсаты - біліктілікті арттыру.
Оқытуды ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы, Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Н.Жолдыбалинов өткізді. Мәртебелі мейман кітапханада қолданылатын жаңа цифрлық технологиялар бойынша, мобилография секілді заманауи үрдістерге бас мән берді.
Екі күндік семинар-тренингке қатысқан әріптестерімізге А.Урпекова, А.Сейілханова (орталық қалалық кітапхананың кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің қызметкерлері), Т.Жүнісова (орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы), А.Джансаринова, С.Қасқырбаева, Н.Байғаширова (орталық қалалық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері), С.Тұрсынханова (орталық балалар кітапханасының кітапханашысы) сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрлау бөлімінің кітапханашысы Г.Ашербекова ҚР ұлттық академиялық кітапхана басшысының м.а., «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалиновтың алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шараға Павлодар өңірінің 144 кітапханашылары қатысты.