Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің туғанына 80 жыл толуына орай дөңгелек үстел болып өтті.
Шараға №28 ЖОМ 4 «А» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстанның тұңғыш ғарышкерінің өмір жолы, оның ғарышқа ұшуы, ерлігі мен ел мерейін асқақтатқан тарихи сәттері кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, оқушыларға ғарыш әлемі туралы қызықты деректер айтылып, ғарыш әлемі жайында білімдерін кеңейтуге ықпал етті. Қатысушылар ғарыш тақырыбындағы сұрақтарға белсене жауап беріп, логикалық тапсырмалар мен сөзжұмбақтарды қызығушылықпен шешті. Шара ғылым мен ғарыш әлеміне арналған кітаптардың таныстырылымымен өз мәресіне жетті.