Шара барысында библиограф М.Қ. Әлкен №2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне қазақ халқының Ата заңдары жайлы, атап айтсақ, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» жөнінде, Қазақстанның конституциялық эволюциялық даму кезеңдері туралы баяндап, 1995 жылы қабылданған Ата Заңымыздың бөлімдерімен таныстырып өтті. Сондай – ақ, қатысушылардың назарына қазақ хандығы кезеңніндегі Ата Заңдарымыз жайлы мағлұматтанған Ж.О. Артықбаев «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші», Ө. Қопабаев «Ата Заң – мемлекет дамуының іртесасы», С.А. Табановтың «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата заңдарының (конституцияларының) тарихи – құқықтық сабақтастығы», үш тілде жарық көрген «Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер» он томдығы, сондай – ақ, конституциялық актілер топтастырылған «Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері» атты екі тілде жарық көрген кітап, С.К. Амандықовтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» оқу құралы, және т.б. әдебиеттер ұсынылды.