Қазақстан академигі Әлкей Марғұланың 115 жылдығына арналған «Елін, жерін танытқан ер» атты дөңгелек үстел ауыл музейінде өткізілді.
Шара барысында кітапханашы академик, археолог Ә. Марғұланның өмірі мен еңбектері жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар «Тұлғаға құрмет-ұрпаққа тәрбие» атты кітап көрмесіне шолу жасап, бейнебаянды тамашалады.