Байет ауыл кітапханасы мен ауыл клубының бірігіп ұйымдастырған дөңгелек үстелге 7-8 сынып оқушылары, ауыл дәрігері Б.Е. Мусабаева, мектеп медбикесі Б. Хадам арнайы шақырылды.
Шара барысында медбике Б. Хадам оқушыларға темекінің адам өміріне зиянды, улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, тазалық туралы әңгімелеп берді.Сондай – ақ, оқушылардың пікірлері тыңдалды.
Дөңгелек үстел соңында «Біз темекісіз болашақты бастаймыз, салауатты өмірді біз қолдаймыз» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды.