Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы А. Сулейменова Павлодар облысының құрылғанының 80 жылдығына орай "Сарыарқа маржаны" атты баяндамамен дөңгелек үстелге қатысты.
Баяндама арқылы жиналған қауымды Павлодар облысының тарихымен, көрікті жерлерімен, табиғат байлықтарымен таныстырып өтті. Сондай - ақ, қатысушылар Павлодар өңірінің мақтанышы болып саналатын тұлғалар жайлы мағлұмат алды.