Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге кітапхананың жас оқырмандары шақырылды.
Шара барысында кітапханашы А.Б. Шахтаева оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы, «қонақжайлылық» ұғымының мағынасын ашты. Сонымен қатар қатысуышалрдың назарына «Жақсылық өзіне қайтіп келеді» атты бейнеролик көрсетілді.
Дөңгелек үстел соңында оқушылар ақ параққа адамгершілік қағидаларын жазып, кітап көрмесіндегі әдебиеттермен танысты.