Ұлттық кітап күніне орай Ақкөл ауылдық кітапханасында «Бар білім – кітапта» атты әдеби кеш болып өтті.
Шара барысында кітапханашы кітаптың маңызы туралы айтып, кітап туралы нақыл сөздермен бөлісті. Ауыл мектебінің ұстазы Л.Қ. Ошимова сөз сөйлеп, кітап - білім көзі ғана емес, адамды тәрбиелейтін рухани қазына екенін атап өтті. Оқушылар сүйікті кітаптарын атап, кітап оқудың пайдасы жөнінде пікір алмасып, оқыған шығармалары жайлы сөз қозғады.