Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында Ұлттық кітап күні мерекесіне орай «Ұрпақ пен кітап» атты әдеби кеш өтті. Бұл шараға №28 ЖОМ оқушылары, сондай-ақ қалам тербеп жүрген кентіміздің ақындары қатысты.
Шара шымылдығы №6 ККО меңгерушісі құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі кітапханашы айтулы мерекенің маңызы туралы айтып өтті. №16 ЖОМ кітапханашысы сөз алып, ақын М. Әлімбаевтың «Кітап» өлеңін оқып берді. Сонымен қатар қалам тербеп жүрген жерлес ақындар өз қаламынан туындаған өлең жолдарын оқып, кештің көркін қыздырды.
Шара соңында кітапхана қорындағы қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларына шолу жасалды.