«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Марғұлан ауылдық кітапханасының қызметкері мектепте халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына орай «Тарих пен тағдырды тоғыстырған қалам» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды қаламгердің өмір жолымен, сондай-ақ шығармашылығымен таныстырып, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы мәлімет берді. Сонымен қатар жазушының «Тағдыр» тарихи романының мазмұны мен негізгі кейіпкерлері жайында әңгіме өрбіді.
Шара соңында кітапхана қорындағы жазушының кітаптарына тоқталып, қысқаша шолу жасалды.