Орталық қалалық кітапханада халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай әдеби портрет шарасы өтті.
Шараға Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі мен Екібастұз инженерлік-техникалық институты колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен баяндалып, бейнебаяндар ұсынылды. Ел болып таңдаған «Тағдыр» тарихи романы жан-жақты таныстырылып, оның мазмұны мен романдағы басты оқиға кейіпкерлері жайлы тереңінен сөз болды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы жазушы туындылары оқырман назарына ұсынылып, мазмұнды әдеби шолу жүргізілді.