«Туған өлкенің мұрасы» жобасы аясында орталық қалалық кітапханада жазушы Зейтін Ақышевтың туғанына 115 жыл толуына орай әдеби вернисаж болып өтті.
Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы жан-жақты таныстырылып, оның балалық шағы, еңбек жолы және қоғамдық қызметі туралы мазмұнды бейнебаян ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар жазушының шығармаларынан әсерлі үзінділер оқып, көпшілікке рухани тағылым сыйлады. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы Б. Мұқажанқызы «Баянауыл әуендері» және «Жаяу Мұса» әндерін нақышына келтіре орындап, шараның көркін аша түсті.
Шара соңында қатысушыларға жазушының әдеби мұрасы кеңінен таныстырылып, шолу жасалды.