Шиқылдақ ауылы кітапханасының қызметкері қазақ поэзиясының алыбы Ж. Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жүз жасаған бәйтерек» атты поэтикалық марафон өткізді.
Шара барысында кітапхана қызметкері оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны туралы жан-жақты мағлұмат беріп, ақынның шығармашылық мұрасына тоқталды. Сонымен қатар, оның елге белгілі жырлары мен толғауларына қысқаша тоқталып, «Ленинградтық өренім» өлеңінің шығу тарихы жайлы сөз болды. Сондай-ақ оқушылар Ж. Жабаевтың «Халық қазынасы», «Ленинградтық өренім», «Оқы, балам», «Өсиет» атты өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіре оқыды.