«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Қайнар+» балалар шығармашылық орталығында әдеби кеш өткізді.
Шара барысында «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызы, оның басты мақсаты, ел болып бір кітапты бірге оқу арқылы рухани бірлікті нығайту екенін атап өтті. Биылғы жылы акция аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің ең танымал шығармаларының бірі «Тағдыр» романы таңдалғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтермен таныстырып, романның мазмұны жайлы сөз өрбіді. Одан әрі қатысушылар романнан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.