Қосым Пішенбаевтың 175 – жылдығына орай Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық – библиографиялық бөлімі әзірлеген «Кен зерттеушісі» атты электронды биобиблиографиялық құралдың тұсаукесері өтті.
Тұсаукесер басында ақпараттық – библиографиялық бөлімнің меңгерушісі А. Абильбаева биобиблиографиялық құралдың құрылу мақсатымен таныстырып өтті.
Сөз жалғасын библиограф М.Қ. Әлкен Қ. Пішенбаевтың өмірбаянын баяндап, электронды құралдың мазмұнына шолу жасады.
Қатысушылар құралдың «Қосым Пішенбаев және Екібастұз», «Пішенбаевты ұлықтау» бөлімдерінде ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі мақалалар мен кітаптардың сандық нұсқаларымен танысты.