«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері құқық сағатын өткізді. Іс-шараға жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы, жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі инспектор, полиция майоры Д.Қ.Қалықова арнайы шақырылды. Сондай-ақ №16 ЖОМ 7 «Б» сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәрбие, заңды сақтау, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері кеңінен айтылды. Полиция майоры Д.Қ.Қалықова оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты қарапайым құқықтық кеңестер берді.
Шара соңында қатысушылар құқық тақырыбына арналған кітап көрмесін тамашалап, құқық тақырыбындағы әдебиеттермен танысты.