10 сәуір күні Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Төртүй ауылының кітапханасында «Ғылымға жол ашқан ұлы тұлға» атты танымдық сағат болып өтті.
Іс-шара барысында ғалымның өмірі мен ғылымға қосқан зор үлесі туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы ұлы тұлғаның еңбектері мен ол туралы жазылған кітаптардың мазмұны мен маңызы жан-жақты таныстырылды. Қатысушылар ғалым туралы түрлі мағлұматқа қанық болып, оның бай мұрасымен танысып, танымдық сұрақтарға белсене жауап берді.