Көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандармен жұмыс жасайтын кітапханашы Наурыз мейрамы қарсаңында «Наурыз – көктемнің нұры» атты этнографиялық сағат өткізді.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер мен көктем мерекесінің мән-маңызы туралы әсерлі әңгіме өрбіп, қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтары жайында кең мағлұмат алды.