«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Еңбек күніне орай Ақкөл ауылдық кітапханасында «Әлемнің әміршісі – еңбек» атты тәрбие сағаты болып өтті. Шараға ұстаз Ж. Мендіғалиева арнайы шақырылды.
Шара қонағы - ұстаз Ж.Мендіғалиева оқушылармен түрлі мамандықтар туралы пікір алмасып, сұрақ-жауап түрінде тапсырмалар ұйымдастырды. Балалар берілген суреттер арқылы мамандық түрлерін табуға тырысып, белсенділік танытты. Одан әрі кітапханашы еңбек күнінің тарихына қысқаша тоқталып, жұмысшы мамандықтар туралы әдебиеттермен таныстырды.
Шара оқушылардың еңбек туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтуымен өз мәресіне жетті.