«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Шиқылдақ ауылының кітапхана қызметкері әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай «Шығыстың ғұлама ойшылы» атты танымдық кеш өткізді.
Кеш барысында Әл-Фарабидің ғылым, өнер, музыка, философия, этика, логика салаларына қосқан үлесі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар оның әлемдік өркениетке сіңірген еңбегі, шығыс пен батыс ғылымын жалғастырушы ретіндегі рөлі туралы баяндалды. Сондай-ақ, оқырмандар ғұлама ойшылдың даналық сөздерінен үзінділер оқып, өз ойларымен бөлісті. Одан әрі оқырмандар назарына Әл-Фарабидің еңбектері қойылған кітап көрмесі ұсынылды.