Шиқылдақ ауылдық кітапханасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кішкентай оқырмандардың қатысуымен «Экология және балалар» атты экологиялық сағат өтті.
Кітапханашы балаларға экологияның не екенін түсіндіріп, табиғатты таза ұстау, қоқыс тастамау туралы әңгіме жүргізді. Одан әрі қатысушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп, өз қиялдарына ерік беріп сурет салды.
Шара соңында табиғатты қорғау тақырыбындағы суретті кітаптармен таныстырып, шолу жүргізілді.