15 қараша күні №4 қалалық кітапхана қызметкерлері Ұлттық валюта күніне орай «Теңге- тәуелсіздік белгісі» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
Іс-шараға №26 гимназия мектебінің 9 «Ғ» сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы қатысты.
Іс – шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Шара барысында төл теңгенің шығу тарихы, еліміздің қаржы саласындағы айналымға ену кезеңі, халықаралық экономикада маңызы туралы мағлұматтар берілді. Сондай-ақ оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмеге шолу өткізілді.