«Барлығы да қызықты» атты кітапханалық клуб шеңберінде өткен шараға ЖОМ №19 – дің 5 – 7 сынып оқушылары шақырылды.
Экологиялық ассорти барысында қатысуышлар «табиғат» және «экология» сөздерінің мағынасымен танысты. Сондай – ақ, жұмбақтарды шешіп, «Қарғалар мен торғайлар», «Аңдар», «Бұл қандай жануар?» және т.с.с. ойындар ойналды.
Шара соңына қарай «Қазақ барысы», «Аюдың әні», «Орман деген не?», «Орман құстары» атты мультфильмдер тамашаланды.