Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған фестивалге №35 мектеп – гимназиясының оқушылары шақырылды.
Шара басында библиограф С.В. Цветкова қатысушыларға мерекенің тарихы мен Ахмет Байтұрсынов жайлы мағлұмат беріп өтті. Содан соң балалар Қазақстан халықтарының әндерін тыңдап, билерін тамашалады. Сондай – ақ, жас оқырмандар «Пантомима», «Фразеологиялық зообақ», «Фразеологиялық жұмбақтар», «Ойлап тап!» атты сайыстарға белсенді қатысты.
Фестиваль соңында «Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.