Кітапхананың жас оқырмандары қатысқан пайдалы кеңестің басында кітапаханашы А.Б. Шахтаева тұлғаның жақсы қасиеттері жайлы сөз өрбітті.
Содан соң балалар «Жалғастыр», «Не істеуге болады?» атты дидактикалық ойындар ойнап, «әдептілік» сөзінің ұғымымен танысты, жақсы мен жаман әдеттер жайлы өз білімдерімен бөлісті. Сондай – ақ, шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, балалар мақал – мәтелдер туралы білімдерімен сайысты.