12 сәуір –Халықаралық авиация мен ғарышкелер күніне арналған танымдық сағатқа кітапхананың жас оқырмандары қатысты.
Шара барысында кітапханашы А.Б. Шахтаева қатысушыларға «ғарыш» жайлы мағлұмат беріп, тұңғыш ғарышкерлер туралы баяндап берді.
1 – сынып оқушыларына ғарышкер Т. Әубәкіров туралы деректерді оқып, өмірі мен қызметмен таныстырып өтті. Сонымен қатар жас оқырмандар ғарышкерлер киетін «Скафандр» киімі жайлы мәліметтерді тыңдап, «Байқоңыр» ғарыш айлағы жөнінде мағлұмат алды.
Шара соңында «Ғарыш болғым келеді» атты тақырыпқа балалар сурет салып, кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасады.